21 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасы Abbott Lab.
US0028241000 (ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
21.12.23 09:36
/KASE, 21.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 21 желтоқсанынан
бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын
репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2024 жылдың 12 қаңтарына
және одан кейінгі күндерге тиесілі Abbott Lab. (АҚШ) US0028241000 ("KASE
Global" секторы, ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын
екенін хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың
12 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді
тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 15 қаңтардан
бастап қайта басталады.
[2023-12-21]