28 желтоқсанға тағайындалған "Алтыналмас АК" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізілді

19.12.23 12:49
/KASE, 19.12.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алтыналмас" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 28 желтоқсанына тағайындалған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін толықтыру туралы KASE-ге хабарлады. Толықтыруларды ескере отырып акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мынадай мәселелерді қамтиды: - акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - қоғамның жасауға мүдделілігі бар ірі мәмілелер жасасуы туралы; - қоғамның жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы; - қоғамның ірі мәміле жасасуы туралы. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_meeting_281223_3020.pdf Жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_special_shareholders_meeting_info_281223_.pdf [2023-12-19]