/KASE, 14.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа)
2023 жылдың 19 желтоқсанында KASE сауда-саттық жүйесінде
Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2733527670 (EBRDe21)
халықаралық облигацияларын оларға жазылу арқылы бастапқы
орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі –
30 000 000 000 теңге.
Орналастыруға жоспарланған облигациялардың жиынтық номиналды
көлемі алдын ала және аталған жазылым бастамашысының хабарламасы
бойынша өзгертілуі тиіс.
Баға ретінде өтінімде екінші ондық үтірге дейінгі дәлдікпен жылдық
пайызбен көрсетілген купон мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі керек.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде теңгемен номиналды көлемі
көрсетілуі тиіс. Өтінімнің ең төменгі көлемі 1 000 теңгеге тең. Лоттың
мөлшері – 1 облигация.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың
19 желтоқсанында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астана қ. уақытымен
жүргізіледі. Жазылым шеңберінде шектелімді және нарықтық өтінімдер
қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың
19 желтоқсаны; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға
беру күні – 2023 жылдың 19 желтоқсаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні
мен уақыты – 2023 жылдың 21 желтоқсаны, Астана қ. 09:30.
Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге
асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE
мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық
тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған
http://kase.kz/ru/membership
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды
сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы
беріледі.
Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында
мына сілтеме бойынша жарияланған
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf
[2023-12-14]