"ҚазТрансОйл" АҚ еншілес ұйымы "Астрахань – Маңғышлақ" магистральдық су құбырын жаңғыртуды аяқтады

13.12.23 15:23
/KASE, 13.12.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 13 желтоқсанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы Атырау облысында "Магистарльды Суағызғысы" ЖШС (қатысу үлесі 100 % "ҚазТрансОйл" АҚ) "Астрахань – Маңғышлақ" магистральдық су құбырын реконструкциялау және кеңейту 1-кезеңі» жобасын іске асыру жұмысын аяқтады. Нысанның қосылуы Қазақстан Республикасының (ҚР) Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен өтті, ол бейнебайланыс арқылы магистральдық су құбырын іске қосты. Ресми салтанатты шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мирзағалиев, "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаев, "Магистарльды Суағызғысы" ЖШС бас директоры Берік Салпек қатысты. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_131223_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_131223.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_131223_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-12-13]