14 желтоқсаннан бастап "BCC Invest" АҚ-на "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ KZ2C00010171 (MFOKb16) облигациялары бойынша KASE маркет- мейкер мәртебесіне ие болды

13.12.23 15:15
/KASE, 13.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылғы 14 желтоқсаннан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы, тақырыптамада – "BCC Invest" АҚ) оның өтініші негізінде "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ-ның (Алматы) KZ2C00010171 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, MFOKb16) облигациялары бойынша KASE-де маркет-мейкер мәртебесі берілді. [2023-12-13]