KASE Басқармасы Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2733527670 (EBRDe21) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берді

13.12.23 10:40
/KASE, 13.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2023 жылдың 12 желтоқсанындағы шешімімен Еуропалық қайта құру және даму банкінің шығаруға жоспарланған XS2733527670 халықаралық облигацияларын "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына KASE ресми тізімін енгізуге келісім берілді. Аталған облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады. KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға қысқартылған белгі (сауда-саттық коды) EBRDe21 берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-12-13]