KASE Басқармасы Еуропалық қайта құру және даму банкінің
XS2733527670 (EBRDe21) халықаралық облигацияларын KASE ресми
тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторына енгізуге келісім берді
13.12.23 10:40
/KASE, 13.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2023 жылдың 12 желтоқсанындағы шешімімен Еуропалық қайта құру және
даму банкінің шығаруға жоспарланған XS2733527670 халықаралық
облигацияларын "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторына KASE ресми тізімін енгізуге келісім берілді.
Аталған облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.
KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға қысқартылған белгі (сауда-саттық коды) EBRDe21
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2023-12-13]