13 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Franklin FTSE United Kingdom ETF US35473P6786 (FLGB_KZ) ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттық тоқтатылды

13.12.23 10:22
/KASE, 13.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2023 жылдың 13 желтоқсанынан бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 18 желтоқсан 2023 және одан кейінгі күндерге келетін Franklin FTSE United Kingdom ETF (АҚШ) US35473P6786 ("KASE Global" секторы, FLGB_KZ) ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 18 желтоқсанда көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2023 жылдың 20 желтоқсанынан бастап қайта басталады. [2023-12-13]