13 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Franklin FTSE
United Kingdom ETF US35473P6786 (FLGB_KZ) ETF бағалы
қағаздарымен сауда-саттық тоқтатылды
13.12.23 10:22
/KASE, 13.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2023 жылдың
13 желтоқсанынан бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің
функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу
күні 18 желтоқсан 2023 және одан кейінгі күндерге келетін Franklin FTSE
United Kingdom ETF (АҚШ) US35473P6786 ("KASE Global" секторы, FLGB_KZ)
ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылдың 18 желтоқсанда көрсетілген бағалы қағаздар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2023 жылдың
20 желтоқсанынан бастап қайта басталады.
[2023-12-13]