13 желтоқсаннан бастап "Ломбард Прогресс" ЖШС KZ2P00010283 (MFLPb1) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

13.12.23 09:16
/KASE, 13.12.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 11 желтоқсанында "Ломбард Прогресс" ЖШС (Алматы) KZ2P00010283 (MFLPb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 24,00 %; 30/360 облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 13 желтоқсанынан бастап күшіне енді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFLPb1/ [2023-12-13]