"Ломбард Прогресс" ЖШС KZ2P00010283 (MFLPb1) облигациялары
баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг
процедурасынан өтті
12.12.23 10:12
/KASE, 12.12.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2023 жылдың 11 желтоқсанында "Ломбард Прогресс" ЖШС
(Алматы) KZ2P00010283 (1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық
купон, жылдық 24,00%; 30/360) облигацияларының баламалы алаңын
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 18 қазанында 3,0 млрд
теңге сомасына тіркеген "Ломбард Прогресс" ЖШС-нің бірінші облигациялық
бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады.
"Ломбард Прогресс" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ
еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигацияларға MFLPb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілген.
"Ломбард Прогресс" ЖШС қызметінің негізгі түрі – ломбардтық операциялар.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2023-12-12]