"ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылдың 11 айында Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспортының көлемін 50%-ға арттырды

11.12.23 10:43
/KASE, 11.12.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 11 желтоқсанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы 2023 жылдың 11 айында Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспорты 3 млн 62 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млн 14 мың тоннаға немесе 50%-ға артық. Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің артуы Баку портына қарай жөнелтілетін шикізат көлемінің 205 мың тоннадан 1 миллион 238 мың тоннаға дейін ұлғаюымен байланысты, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 есе көп. Сонымен қатар, есепті кезеңде Ақтау портынан Махачкала портына қарай 1 млн 824 мың тонна мұнай жөнелтілді. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен Әзербайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан "Баку-Тбилиси-Джейхан" мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_111223_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_111223.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_111223_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-11-29]