2023 жылдың желтоқсан айында "ҚазТрансОйл" АҚ Германияға 150 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізуді жоспарлап отыр

11.12.23 10:31
/KASE, 11.12.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 08 желтоқсанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы 2023 жылдың желтоқсан айында "ҚазТрансОйл" АҚ Германияға 150 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізуді жоспарлап отыр. 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында қазақстандық мұнайды "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Германияға одан әрі жеткізу үшін Адамова Застава мұнай жеткізу пунктіне қарай тасымалдау көлемі 843 мың тоннаны құрады. Бұл транзит Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім аясында жүзеге асырылады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_081223_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_081223.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_081223_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-12-11]