08 желтоқсаннан бастап KZ2P00010416 (MFKTb5) "Кредит Time" МҚҰ" ЖШС облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

08.12.23 09:42
/KASE, 08.12.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 05 желтоқсанында "Кредит Time" МҚҰ" ЖШС (Ақтөбе) KZ2P00010416 (MFKTb5; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 08 желтоқсанынан бастап күшіне енді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFKTb5/ [2023-12-08]