"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан Қаратон жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыру жасалғаны туралы хабарлады

05.12.23 17:57
/KASE, 05.12.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы Осымен "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы (бұдан әрі - ҚМГ) "Қазақстан қор биржасы" АҚ бағалы қағаздарға рұқсат беру бастамашыларының ақпаратты ашу қағидаларының 1-қосымшасының 2- кестесінің 13-тармағына және "Астана" халықаралық биржасының Бизнес қағидалары нарығы туралы ақпаратты ашу қағидаларының 1-кестесінің 4.3- тармағына сәйкес, 2023 жылғы 30 Қарашада 21.06.2023 ж. №5238-УВС-СП келісімшартына №1 қосымша жасалды, ол бойынша ҚМГ "Karaton Operating Ltd." жеке компаниясына Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан Қаратон жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге құқықтарын берді. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_info_051223_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_info_051223_rus.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_info_051223_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-12-05]