"Кредит Time" МҚҰ" ЖШС KZ2P00010416 (MFKTb5) облигациялары балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

05.12.23 15:23
/KASE, 05.12.23/ – Қазақстан қор биржасы листингілік комиссиясының (KASE) 2023 жылғы 05 желтоқсандағы шешімімен "Кредит Time" МҚҰ" ЖШС (Ақтөбе) KZ2P00010416 (1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылдың 17 қарашасында 10,0 млрд теңге сомаға тіркеген "Кредит Time" МҚҰ" ЖШС екінші облигациялық бағдарламасы шегінде үшінші болып табылады. Аталған облигацияларға MFKTb5 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2023-12-05]