05 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында The Walt Disney Company US2546871060 (DIS_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

05.12.23 09:50
/KASE, 05.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 05 желтоқсанынан бастап олармен жасалған репо операциялары бойынша KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 11 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін The Walt Disney Company (АҚШ) US2546871060 ("KASE Global" секторы, DIS_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды. Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, KASE-де 2023 жылдың 11 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 13 желтоқсанынан бастап қайта басталады. [2023-12-05]