"RETAM" АИЖМҚ АҚ акционерлері 2023 жылдың бірінші тоқсанында жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және компанияның артықшылықты акциялары бойынша қосымша төлем жасау туралы шешім қабылдады

04.12.23 10:47
/KASE, 04.12.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "RETAM" АИЖМҚ АҚ (Алматы) 2023 жылдың 29 қарашада өткен акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, сондай-ақ, келесі шешімдерді қабылдады: - 2023 жылдың бірінші тоқсаны үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы, бір жай акцияға шаққандағы дивидендтер мөлшері – 119 000 теңге, төлеу күні 2023 жылдың 04 желтоқсаны, дивидендтер бойынша төлемдер сомасы – 778 295 700 теңге; - 2023 жылдың бірінші тоқсаны үшін артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді қосымша төлеу туралы, бір артықшылықты акцияға шаққандағы дивидендтер бойынша қосымша төлемнің мөлшері – 59 000 теңге, төлеу күні 2023 жылдың 04 желтоқсаны, дивидендтер бойынша қосымша төлемдердің сомасы – 128 608 200 теңге. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/RETM/retm_special_shareholders_meeting_results_291123_12.pdf [2023-12-04]