"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ KZ2C00007151 (SKKZb25)
облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE
ресми тізімінен шығарылды
04.12.23 09:30
/KASE, 04.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2023 жылдың
04 желтоқсанынан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана)
KZ2C00007151 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, SKKZb25;
1 000 теңге, 129,2 млрд теңге; 03.12.20 – 03.12.23, жартыжылдық купон,
жылдық 10,90%; 30/360) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты
KASE ресми тізімінен шығарылды.
Аталған облигациялар 2020 жылдың 27 қарашасынан бастап негізгі алаңның
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді.Олармен сауда-
саттық 2020 жылдың 07 желтоқсанынан бастап ашылған.
[2023-12-04]