01 желтоқсаннан бастап ETF US74347G4405 (BITO_KZ) ProShares Bitcoin
Strategy ETF бағалы қағаздары KASE ресми тізімінің "KASE Global"
секторына енгізілді
01.12.23 11:30
/KASE, 01.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2023 жылдың 01 желтоқсанынан бастап KASE ресми тізімінің
"KASE Global" секторына ProShares Trust (АҚШ) шетелдік эмитентінің
ProShares Bitcoin Strategy ETF биткоинына фьючерстік келісімшарттарға
ETF US74347G4405 (сауда-саттық коды – BITO_KZ) бағалы қағаздары
енгізілді.
Аталған акциялар "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) бастамасымен
орналастырылды.
KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттықтың ашылғаны
туралы қосымша хабарланатын болады.
[2023-12-01]