01 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП KASE_BM* СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСТЕРДІҢ ӨКІЛДІК ТІЗІМІ 60 АТАУДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРДАН ТҰРАДЫ

01.12.23 10:06
/KASE, 01.12.23/ – Қазақстан қор биржасының Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеті (KASE) Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне (Әдістеме) сәйкес 2023 жылдың 01 желтоқсанынан бастап KASE_BM* сериясының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімге мынадай облигацияларды қосу туралы шешім қабылдады: 1) KZ2C00009918 (HCBNb10) "Home Credit Bank" АҚ; 2) KZ2D00008356 (HCBNb8) "Home Credit Bank" АҚ; 3) KZ2C00009892 (HCBNb9) "Home Credit Bank"; АҚ 4) KZ2D00005949 (NCOMb1) "Fincraft Group" ЖШС; 5) KZ2P00009178 (NCOMb3) "Fincraft Group" ЖШС. Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді. Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE қор нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімдерді қайта қарайды: 1) Негізгі алаңның (KASE_BM* сериясы) – таза баға индексі KASE_BMC және кірістілік индикаторы KASE_BMY; 2) Баламалы алаңның (KASE_BA*) – таза баға индексі KASE_BAC және кірістілік индикаторы KASE_BAY. 2023 жылдың 01 желтоқсанынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 60 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BA* сериялы индикаторлар тізіміне қосу үшін баламалы алаңның облигациялары жоқ. Естеріңізге сала кетейік, KASE_BA* сериясының индикаторларын есептеу аталған индикаторларды есептеу үшін өкілдік іріктеменің болмауына байланысты 2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап тоқтатылды, өйткені Әдістемеге сәйкес корпоративтік облигациялардың жалпы саны кемінде төрт болуы тиіс. Көрсетілген тізімдерді KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша көруге болады http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/ Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2023-12-01]