"ҚазТрансОйл" АҚ қараша айында Германияға қазақстандық мұнайды жеткізуді 54 %-ға арттырады

29.11.23 18:44
/KASE, 29.11.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 29 қарашасындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы Германияға «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемі жоспарланған 100 мың тоннадан 154 мың тоннаға дейін ұлғаяды. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ тасымалдау департаментінің директоры Абай Бейсембаев Қазақстан қор биржасы ұйымдастырған Эмитент күнінде хабарлады. Қара теңіз суындағы күрделі метеорологиялық жағдайларға қарамастан, «ҚазТрансОйл» АҚ жүк жөнелтушілер алдындағы өз міндеттемелерін толық орындауда. «Транснефть» ЖАҚ тарапынан бүгінгі күнге ешқандай шектеулер жоқ. «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ жүйесі бойынша мұнайды тасымалдаудың шектеулеріне байланысты «ҚазТрансОйл АҚ-та мұнайды біздің жүйе арқылы тасымалдау жүзеге асырғысы келетін бірқатар жүк жөнелтушілер жүгінді. «Транснефть» ЖАҚ-пен «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» ЖҮАҚ ресурстарын қосымша тасымалдау бойынша жедел жұмыс жүргізілді. Қараша айында Германияға 100 мың тонна жеткізу жоспарланған болатын. «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Германияға «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемі 154 мың тоннаны құрайды», - деп хабарлады Абай Бейсембаев. Ол сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ қосымша 55 мың тонна мұнай, оның ішінде 23 мың тонна «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. ЖҮАҚ және Қашаған кен орнының 32 мың тонна мұнай өндіруші компаниялары мұнай сақтаулы екенін атап өтті. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_291123_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_291123.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_291123_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-11-29]