/KASE, 29.11.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 29 қарашасындағы
баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
2024 жылы Ресей мұнайының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан
Республикасына транзитінің көлемі 500 мың тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде.
Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ тасымалдау департаментінің директоры Абай Бейсембаев
Қазақстан қор биржасы ұйымдастырған Эмитент күнінде хабарлады.
"Sanoat Energetika guruhi" компаниясы(Өзбекстан Республикасы) "ҚазТрансОйл" АҚ-қа
2024 жылға қарай 1 млн тоннаға дейін ұлғайту мүмкіндігімен Өзбекстанға 500 мың
тонна Ресей мұнайының транзитіне өтінім берді", - деді Абай Бейсембаев.
"ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Ресей мұнайының
Өзбекстан Республикасына транзитінің күтілетін көлемі 2023 жылы 154 мың тоннаны
құрайды. 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында "ҚазТрансОйл" АҚ Өзбекстан Республикасына
104 мың тонна ресейлік мұнай транзитін жүзеге асырды.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_291123_1_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_291123_1_rus.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_291123_1_en.pdf – ағылшын тілінде.
[2023-11-29]