"ҚазТрансОйл" АҚ еншілес компаниясы "Астрахань–Маңғышлақ" магистральдық суағызғысын жаңғырту үшін 20 млрд теңге тартты

27.11.23 12:00
/KASE, 27.11.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) 2023 жылдың 27 қарашасында KASE-ге ұсынған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "Астрахань-Маңғышлақ" магистральдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту, 1 кезек" инвестициялық жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы қаражат беру шеңберінде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-нің (қатысу үлесінің 100% - ы "ҚазТрансОйл" АҚ-қа тиесілі) 20 млн облигациясын жалпы сомасы 20 млрд теңгеге сатып алды. Өз кезегінде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ жобаны қаржыландыру үшін "Самұрық-Қазына" АҚ-тан 20 млрд теңге сомасына осындай облигациялық қарыз тартты. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2022 жылғы 30 желтоқсандағы шешімімен жобаны іске асыруға "Самұрық-Қазына" АҚ-қа Ұлттық қорынан 70 млрд теңге көлемінде дағдарысқа қарсы қаражат бөлінді, оның 50 млрд теңгесі "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-тан облигациялық қарыз түрінде "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС 2023 жылдың сәуірінде тартылды. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_271123_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_271123.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kcel_relizs_271123_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-11-27]