28 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС KZ2P00010408 (MFUCb5) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

24.11.23 10:57
/KASE, 24.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылғы 28 қарашадан бастап KASE-де "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00010408 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты; mfucb5; $100, $2,0 млн; 12 ай; тоқсандық купон, жылдық 10,00%; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/bonds/show/MFUCb5/ [2023-11-24]