20 қарашадан бастап "аФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010234 (MFAFb4) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

17.11.23 15:19
/KASE, 17.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 20 қарашасынан бастап "аФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00010234 облигациялары (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFAFb4; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 14.11.23 – 14.11.24; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) "таза" бағамен сауда- саттық тәртіптемесіне ауыстырылады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2023-11-17]