Бүгін Қазақстан қор биржасында "Black Biotechnology (Black Biotechnology)" ЖШС-нің KZ2P00010317 (BKBTb1) "жасыл" облигацияларына жазылым жүргізіледі

17.11.23 09:20
/KASE, 17.11.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) сауда-саттық жүйесінде "Black Biotechnology (Black Biotechnology)" ЖШС (Алматы) KZ2P00010317 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, BKBTb1; 1 000 теңге; 2,0 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 21,50 %; 30/360) "жасыл" облигацияларын оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізіледі. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде Сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 1 000 000 000 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 17 қарашасында сағат 10:30-дан 14:30-ға дейін Астана қ. уақытымен жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 17 қарашасы; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 17 қарашасы; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 17 қарашасы, Астана қаласының уақытымен 15:30-де. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған http://kase.kz/ru/membership Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/BKBTb1/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-11-17]