/KASE, 16.11.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) жалғыз
акционердің 2023 жылдың 09 қарашасындағы шешімімен Қ. Б. Шарлапаев
Банктің Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылғанын KASE-ге
хабарлады.
Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ
Директорлар кеңесі бес адамнан тұрады: Н. С. Байбазаров,
Н. С. Айдапкелов, Е. Е. Хамитов, А. Г. Сайденов, Марсия Элизабет
Кристиан Фавале.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_board_changes_091123_4842.pdf
[2023-11-16]