"ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылдың 10 айында Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспортын 54 %-ға ұлғайтты

16.11.23 10:55
/KASE, 16.11.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 16 қарашасындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы 2023 жылғы қаңтар-қазан айларында Ақтау портынан экспортқа жөнелтілетін қазақстандық мұнайдың көлемі 2 млн 800 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 981 мың тоннаға немесе 54%-ға артық. Атап айтқанда, Ақтау портынан Баку портына қарай мұнай тасымалдау көлемі 964 мың тоннаға артып, 1 миллион 123 мың тоннаны құрады. Ақтау портынан Махачкала портына 1 млн 676 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді, бұл 2022 жылдың 10 айындағы осы кезеңмен салыстырғанда 17 мың тоннаға артық. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзербайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан "Баку-Тбилиси-Джейхан" мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_161123_1_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_161123.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_161123_1_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-11-16]