/KASE, 15.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа)
2023 жылдың 17 қарашасында KASE сауда-саттық жүйесінде "Black
Biotechnology (Black Biotechnology)" ЖШС (Алматы) KZ2P00010317 (KASE
баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, BKBTb1; 1 000 теңге; 2,0 млрд
теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 21,50 %; 30/360) "жасыл"
облигацияларын оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізіледі.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде Сатушы ретінде "Фридом
Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі– 1 000 000 000 теңге.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 17 қарашасында
сағат 10:30-дан 14:30-ға дейін Астана қ. уақытымен жүргізіледі. Жазылым
аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың
17 қарашасы; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға
беру күні – 2023 жылдың 17 қарашасы; есеп айырысуды жүзеге асыру
күні мен уақыты – 2023 жылдың 17 қарашасы, Астана қаласының
уақытымен 15:30-де. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық
депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE
мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық
тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған
http://kase.kz/ru/membership
Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/BKBTb1/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-11-15]