"Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ Қазақстан қор биржасында жазылым арқылы KZ2C00010171 (MFOKb16) облигацияларын өтеуге орташа алынған кірістілігі жылдық 21,00 %-бен орналастыра отырып, 4,5 млрд теңге тартты

14.11.23 18:26
/KASE, 14.11.23/ – Бүгін KASE сауда-саттық жүйесінде "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2C00010171 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, MFOKb16; 1 000 теңге; 20,0 млрд теңге; 14.11.23 – 14.11.25; қалқымалы ай сайынғы купон, бірінші купондық кезеңге жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларын оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) әрекет етеді. Орналастыруға номиналды көлемі 5 000 000 000 теңге облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданды. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 14 қарашасында Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 14:30-ға дейін жүргізілді. Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты (қатысушылардың шоттарының саны – 352). Сауда-саттық жүйесіне барлығы 354 шектелімді өтінім берілді, оның ішінде өтінімдерді жинау аяқталған кезде көлемі 4 525,0 млн теңгеге (номиналды көлемі 4 599,5 млн теңге) 353 өтінім белсенді деп танылды. Берілген белсенді өтінімдердегі таза баға номиналдың 98,3783 %–100,0328 % (жылдық 19,9800 % – 21,0000 %) диапазонында өзгерді, орташа сараланған таза баға номиналдың 98,3808 % (жылдық 20,9985 %) құрады. Сұраным ұсынымның 92,0 % құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде заңды тұлғалардың үлесіне – 5,8 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 94,2 %. Орналастыру нәтижелері бойынша барлық белсенді өтінімдер қанағаттандырылды. Жалпы сомасы 4 525 006 650,1 теңгеге 4 599 483 облигация орналастырылды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәмілелер осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды. [2023-11-14]