Бүгін Қазақстан қор биржасында "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ"АҚ kz2c00010171 (MFOKb16) облигацияларына жазылым жүргізіледі

14.11.23 09:00
/KASE, 14.11.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) сауда-саттық жүйесінде KZ2C00010171 (1 000 теңге; 20,0 млрд теңге; 2 жыл; құбылммалы ай сайынғы купон, бірінші купондық кезеңге жылдық 20,00%; 30/360) "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) облигацияларын оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізіледі. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі– 5 000 000 000 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 14 қарашасында сағат 10:30-дан 14:30-ға дейін Астана қ.уақытымен жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 14 қарашасы; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 14 қарашасы; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 14 қарашасы, Астана қаласы уақытымен 15:30-да. Есептерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор"санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған http://kase.kz/ru/membership Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb16/ [2023-11-14]