/KASE, 13.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа)
хабарлайды: 2023 жылдың 14 қарашасында KASE сауда-саттық жүйесінде
KZ2C00010171 (1 000 теңге; 20,0 млрд теңге; 2 жыл; құбылммалы ай
сайынғы купон, бірінші купондық кезеңге жылдық 20,00%; 30/360) "Онлайн
ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) облигацияларын оларға жазылу арқылы
бастапқы орналастыру жүргізіледі.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом
Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі–
5 000 000 000 теңге.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 14 қарашасында
сағат 10:30-дан 14:30-ға дейін Астана қ.уақытымен жүргізіледі. Жазылым
аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың
14 қарашасы; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға
беру күні – 2023 жылдың 14 қарашасы; есеп айырысуды жүзеге асыру
күні мен уақыты – 2023 жылдың 14 қарашасы, Астана қаласы
уақытымен 15:30-да. Есептерді "Бағалы қағаздардың орталық
депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор"санатындағы KASE
мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық
тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған
http://kase.kz/ru/membership
Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында
мына сілтеме бойынша жарияланған
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb16/
[2023-11-13]