/KASE, 13.11.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 13 қарашасында "Black
Biotechnology (Black Biotechnology)" ЖШС (Алматы) KZ2P00010317
(BKBTb1; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 3 жыл; жарты жылдық купон, жылдық
21,50%; 30/360) "жасыл" облигациялардың баламалы алаңын
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 13 қарашасынан бастап
күшіне енді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланады
https://kase.kz/ru/bonds/show/BKBTb1/
[2023-11-13]