14 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында "аФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010234 (MFAFb4) облигацияларымен сауда- саттық ашылады

13.11.23 15:59
/KASE, 13.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 14 қарашасындан бастап "аФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00010234 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFAFb4; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда- саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "тезе емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFAFb4/ [2023-11-13]