Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2555207096 (EBRDe16) халықаралық облигациялары бойынша бірінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 15,35 %

13.11.23 15:24
/KASE, 13.11.23/ – "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің XS2555207096 халықаралық облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe16; 16,0 млрд теңге; 17.11.22 – 17.11.24; жылдық купон, жылдық 15,35 %; actual/365) бойынша есеп айырысу агенті ретінде Қазақстан қор биржасына (KASE) аталған облигациялар бойынша бірінші купондық кезеңге жылдық 15,35 % мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесі белгіленгені туралы хабарлады, бұл ретте: - номиналды құн бірлігі үшін купондық сыйақының тіркелген мөлшері – 153,50 теңге; - купондық сыйақының жалпы тіркелген мөлшері – 2 456 000 000,00 тенге. [2023-11-13]