Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2555207096 (EBRDe16)
халықаралық облигациялары бойынша бірінші купондық кезеңге
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 15,35 %
13.11.23 15:24
/KASE, 13.11.23/ – "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ
(Алматы) Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің XS2555207096 халықаралық
облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы,
EBRDe16; 16,0 млрд теңге; 17.11.22 – 17.11.24; жылдық купон, жылдық 15,35 %;
actual/365) бойынша есеп айырысу агенті ретінде Қазақстан қор биржасына (KASE)
аталған облигациялар бойынша бірінші купондық кезеңге жылдық 15,35 % мөлшерінде
сыйақы мөлшерлемесі белгіленгені туралы хабарлады, бұл ретте:
- номиналды құн бірлігі үшін купондық сыйақының тіркелген мөлшері –
153,50 теңге;
- купондық сыйақының жалпы тіркелген мөлшері – 2 456 000 000,00
тенге.
[2023-11-13]