"Арнур Кредит" МҚҰ" ЖШС KZ2P00010226 (MFACb2) әлеуметтік облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

13.11.23 15:17
/KASE, 13.11.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) листингілік комиссиясы 2023 жылдың 13 қарашасында "Арнур Кредит" МҚҰ" ЖШС (Шымкент) KZ2P00010226 (1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 19,00 %; 30/360) әлеуметтік облигацияларын баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 09 қазанында 5,0 млрд теңге сомаға тіркеген "Арнур Кредит" МҚҰ" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші болып табылады. "Арнур Кредит "МҚҰ" ЖШС қаржылық кеңесшісі " Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға MFACb2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-11-13]