"Black Biotechnology (Black Biotechnology)" ЖШС KZ2P00010317 (BKBTb1) "жасыл" облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

13.11.23 14:46
/KASE, 13.11.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) листингілік комиссиясы 2023 жылғы 13 қарашада "Black Biotechnology (Блэк Биотехнолоджи)" ЖШС (Алматы) KZ2P00010317 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 21,50 %; 30/360) "жасыл" облигацияларын баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялар "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялау бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі жасыл облигациялар шығарылымы болып табылады. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 15,50 %, субсидияланбайтын бөлігі жылдық 6,00 % құрайды. Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 24 қазанында 10,0 млрд теңге сомаға тіркеген "Black Biotechnology (Блэк Биотехнолоджи)" ЖШС-нің бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады. "Black Biotechnology (Блэк Биотехнолоджи)" ЖШС-нің қаржылық кеңесшілері "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) және "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ болып табылады. Аталған облигацияларға BKBTb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. "Black Biotechnology (Блэк Биотехнолоджи)" ЖШС қызметінің негізгі түрі – ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын жем өндіру. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-11-13]