"Қазақстан Халық Банкі" АҚ "Халық Банк Қырғызстан" ААҚ акцияларының 100 % сату бойынша уағдаластыққа қол жеткізілгені туралы хабарлады

10.11.23 18:18
/KASE, 10.11.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Алматы) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 10 қарашасындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамы (LSE: HSBK; KASE: HSBK, HSBKd; AIX: HSBK, HSBK.Y) "Халық Банк Қырғызстан" ААҚ-тың ("Банк") 100 % акциясын сату туралы Visor International DMCC ("Visor") инвестициялық тобының құрамына кіретін сатып алушылар консорциумымен уағдаласқаны туралы хабарлайды. Мәміле Қырғыз Республикасы Ұлттық Банкінің келісімін алғаннан кейін аяқталады. "Халық Банкі Қырғызстан" ААҚ клиенттер қаражатының сақталуын және өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ете отырып, қазіргі және әлеуетті клиенттерге тиісті деңгейде қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Visor тобы Банкті жеке заңды тұлға ретінде сақтауды жоспарлап отыр және оны Қырғызстанның аумағында дамытуды жалғастырады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы KASE интернет-сайтында орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_101123_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_101123.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_101123_en.pdf – ағылгын тілінде. [2023-11-10]