/KASE, 06.11.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 03 қарашасында Өнеркәсіпті
дамыту қоры" АҚ (Астана) KZ2C00010338 (IDFRb5; 1 000 теңге, 232,0 млрд
теңге; 15 жыл; жылдық купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигациялары негізгі
алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы
шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 06 қарашасынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/IDFRb5/
[2023-11-06]