"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00010338 (IDFRb5) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

06.11.23 10:44
/KASE, 06.11.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 03 қарашасында "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Астана) KZ2C00010338 (1 000 теңге, 232,0 млрд теңге; 15 жыл; жылдық купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигациялары негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 27 қазанында жалпы сомасы 500,0 млрд теңгеге "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде шығарылған бірінші шығарылымы болып табылады. "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ болып табылады. Аталған облигацияларға IDFRb5 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-11-06]