"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00010346 (BRKZb36) және KZ2C00010379 (Brkzb37) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

06.11.23 10:36
/KASE, 06.11.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 03 қарашасында "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) келесі облигацияларының негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2C00010346 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 15 жыл, жылдық купон, жылдық 12,50 %; 30/360), сауда-саттық коды – BRKZb36; - KZ2C00010379 (1 000 теңге, 18,0 млрд теңге; 15 лет, жылдық купон, жылдық 12,50 %; 30/360), сауда-саттық коды – BRKZb37. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 27 қазанында жалпы сомасы 500,0 млрд теңгеге тіркеген "Қазақстанның Даму Банкі" Қ-ның оныншы облигациялық бағдарламасы шеңберінде біріншісі және екіншісі болып табылады. "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-11-06]