06 қарашадан бастап екі атаудағы облигациялар Т+ Тізіміне енгізіледі

02.11.23 12:13
/KACC, 02.11.23/ – "KASE клиринг орталығы" АҚ (KACC) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 06 қарашасынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) мынадай облигациялар енгізілетін болады: 1) Еуразиялық Даму Банкінің KZ2D00009958 халықаралық облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb41); 2) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00009454 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb53). Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т + Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2023-11-02]