"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Moody's Investors Service агенттігі холдингтің рейтингтік бағаларын растағаны туралы хабарлады, болжам "Позитивті"

02.11.23 10:10
/KASE, 02.11.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (Астана) KASE-ге мынадай мазмұндағы баспасөз мәлімдемесін ұсынды: дәйексөздің басы 2023 жылғы 31 қазанда Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді эмитент рейтингін Baa2/Prime-2 деңгейінде растады, болжамы позитивті деңгейіне жақсарды. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық нұсқасы KASE интернет-сайтында орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrk_relizs_311023.pdf [2023-11-02]