"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

01.11.23 16:23
/KASE, 01.11.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Астана) жалғыз акционердің 2023 жылдың 27 қазанындағы шешімімен Е.К. Мақанов Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланғанын KASE-ге хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады: Шарлапаев К.Б., Байбазаров Н.С., Ғаппаров Р.Э., Елібаев М.Т., Жайлаубекова А.А., Әлкенов М.А., Мақанов Е.К. Осы ақпарат орналастырылды– https://kase.kz/files/emitters/IDFR/idfr_board_changes_271023_304.pdf [2023-11-01]