01 желтоқсанда "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

01.11.23 10:41
/KASE, 01.11.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 01 желтоқсанында сырттай дауыс беру арқылы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетінін, оның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілетінін KASE-ге хабарлады: 1) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; 2) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы; 3) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын ұлғайту туралы; 4) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін толық сайлау және олардың өкілеттік мерзімін анықтау туралы. Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_011123_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_011123.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_011123_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-11-01]