30 қазаннан бастап "CAPITAL Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС Kz2p00010192 (CLSGb3) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

30.10.23 18:10
/KASE, 30.10.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 30 қазанында "CAPITAL Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС (Алматы) KZ2P00010192 облигацияларын (CLSGb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады, 30/360) баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады,. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 30 қазанынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/bonds/show/CLSGb3 / [2023-10-30]