KASE Листингілік комиссиясы "Saulet Construction Astana" ЖШС
KZ2P00010275 (SCASpp1) облигацияларын "Жеке орналастыру"
алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады
27.10.23 18:21
/KASE, 27.10.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2023 жылдың 27 қазанында "Saulet Construction Astana"
ЖШС (Астана) KZ2P00010275 облигацияларын (1 000 теңге, 5,5 млрд
теңге, 2 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 12,50 %; 30/360) "Жеке
орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланады.
Аталған облигацияларға SCASpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік
комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланады.
[2023-10-27]