KASE Листингілік комиссиясы "Эмир Құрылыс Астана" ЖШС
KZ2P00010267 (EMQApp1) облигацияларын "Жеке орналастыру"
алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады
27.10.23 18:11
/KASE, 27.10.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2023 жылдың 27 қазанында "Эмир Құрылыс Астана" (Астана)
KZ2P00010267 облигацияларын (1 000 теңге, 2,7 млрд теңге, 2 жыл;
жылдық купон, жылдық 25,00 %; 30/360) "Жеке орналастыру " алаңына
KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланады.
Аталған облигацияларға EMQApp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық
коды) берілді.
Облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік
комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланады.
[2023-10-27]